Бүгін Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
«Музыка – мейірім үні» шығармашылық және қайырымдылық концертін ұйымдастыру және өткізу барысын талқылау;
2025 жылдың І жарты жылдығында оқу-тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы;
Ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасу.
Отырыс барысында қайырымдылық концертінің маңыздылығы атап өтіліп, оны жоғары деңгейде өткізуге қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелері талданып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері мен жалпы ата - аналар үштігі мектептің дамуына бағытталған ұсыныстарын білдіріп, бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.