Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

«Әуенмен өрілген Білім жолы»
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде Білім күніне арналған «Әуенмен өрілген Білім жолы» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараға Темір аудандық білім бөлімінің әдіскері Сабырбаев Нұрлан Нұржанұлы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары өздерінің ән-күйлерін паш етіп, ұстаздар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
2026–2027 оқу жылында мектебіміздегі тәрбие жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бағыты бойынша жүзеге асырылатын болады. Бағдарлама аясында білім алушылардың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу сынды қасиеттерді қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Жаңа оқу жылы білім мен өнерді қатар ұштастырып, оқушыларымыздың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын, жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті жыл болсын!
Білімді ұрпақ – ел болашағы!
Өнерлі ұрпақ – ұлт мақтанышы!