Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің 25 жылдық мерейтойы аясында, ҚР "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Білім беру үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, композитор Алибаев Тұран Байдосұлының құрметіне Әйтеке би аудандық мәдениет үйінде, "Күймен егілген ел рухы" атты облыстық күй байқауы өтті. 
Облыстық байқауға Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің домбыра класының мұғалімі Саламатов Оралбек Рахметуллаұлы қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, ұлттық күй өнерін насихаттауда, шығармашылық шеберлігі мен шабытын ұштастыра білгені үшін, Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаевтың ізгі тілегі мен алғыс хатымен марапатталды. 
Күй - қазақтың жан серігі, сырласы.
Аталмыш байқауда өнер көрсетіп, белсенділік танытқан домбыра класының мұғалімі О.Р. Саламатовты жеңісімен құттықтаймыз.