Ағымдағы жылдың 27 тамызында Темір аудандық мәдениет үйінде “Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамытудағы стратегиялық басымдықтар” тақырыбында аудандық педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
Конференцияда Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің вокал класының мұғалімі Юнысова Айгерим Рысбаевна білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Басқарма басшысының Құрмет грамотасымен марапатталған педагогімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!