Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің оқу ісінің орынбасары Ж.О. Ихласованың "Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға музыкалық аспаптарды үйретудің әдістері мен оқушының орындаушылық шеберлігін қалыптастыру негіздері" атты облыстық семинар-практикумы өтті. 
Семинар-практикумға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна, Темір аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Темирханова Гүлшат Темірханқызы және ауданнан келген педагогтер қатысты.
Семинардың мақсаты - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Семинар барысы қатысушыларға сергіту сәтімен, Жанар Ихласованың шебер сыныпты қорғауға арналған баяндамасымен басталып, сөйлеу қабілеті нашар, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың жеке жұмыс жоспарымен, сабақ барысында талқыланған шығармаларымен, музыканы вербалды емес тәсілдер арқылы меңгеруімен жалғасты. 
Семинар-практикумға қатысушылар бүгінгі әдістемелік бағыт бойынша өз сұрақтарын қойып, кері байланыс жүргізді. 
Семинар соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері А.Нарегеева сөз сөйлеп, өткізілген семинар-практикум бойынша қорытындылап, ұйымдастырушылар мен қатысушыларды алғыс хат және сертификатпен марапаттады.