Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

"Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға музыкалық аспаптарды үйретудің әдістері мен оқушының орындаушылық шеберлігін қалыптастыру негіздері" атты өткізілген облыстық семинар- практикумның теориялық бөлімінде, педагог- зерттеуші Жанар Ихласова "Қосымша білім берудегі табысты тәжірибе. Ерекше баланың жетістік жолы" атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама барысында Ж.О.Ихласова музыка мектебінде 39 жыл қызмет атқарған еңбек жолындағы жеткен жетістіктерін, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысы және оның жеткен жетістіктерін семинар қатысушыларына баяндады. Сондай-ақ, шара барысында мектебіміздің вокал класының мұғалімі Г. Бекмағамбетова семинар қатысушыларына ерекше оқушылармен жұмыстағы саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында қол жаттығуларын жасады.