2026–2027 жаңа оқу жылы қарсаңында
«Қосымша білім беру – адами капиталды дамытудың ресурсы: қызығушылықты анықтаудан кәсіпалды өзін-өзі айқындауға дейін» тақырыбындағы Астана қаласында өткен панельдік секция отырысына мектебіміздің директоры Жетенов Сұңғат Сәлімгерейұлы қатысты.
Секция жұмысы аралас (гибридті) форматта ұйымдастырылды.
I кезең – панельдік отырыс:
— пленарлық баяндамалар;
— сарапшылардың тақырыптық баяндамалары;
— сұрақ-жауап және пікір алмасу.
II кезең – практикалық сессиялар:
— қатысушылардың төрт тақырыптық алаңда жұмыс істеуі;
— тәжірибе алмасу;
— әдістемелік құралдармен жұмыс;
— ұсынымдар әзірлеу және қорытынды шығару.