Шұбарқұдық гимназиясында серіктес мектептер синергиясы сапалы білімге жаңа модель бағытында, білім беру ұйымдары арасында аумақтық жоба өтті.
Жобаның мақсаты- кәсіби желілік қауымдастық орната отырып, мектептер арасында тәжірибе алмасып, мұғалімдер арасында ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру.
Аталмыш жобаға Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Есенжолова " Жан- жақты тұлға қалыптастырудағы педагогикалық бастамалар" тақырыбындағы педагогтердің тәрбиелік дамытушылық бағыты жоба алаңында, "Дарынды бала портреті" тақырыбында өз жобасын қорғады.
Сондай-ақ, "Дьенеш блоктарын шығармашылық, танымдық- зияткерлік бағытта қолданудың әдістері" атты тақырыпта мектептің вокал класының жетекшісі Г. Бекмагамбетова келген қонақтарға практикалық сабағымен бөлісті.
Бүгінгі білім беру ұйымдары арасында өткізілген аумақтық жоба жоғары деңгейде өтті.