Мұғалжар аудандық Ахмет Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінде, "Саз әлемінің сардары: Ахмет Жұбановтың шығармашылық әлемі" тақырыбында ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты- Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің іс- тәжірибесін тарату, аймақтың мәдени орнын нығайту, музыкалық білімнің маңыздылығын насихаттау.
Іс- шараға Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің директоры мен педагогтері қатысты.
Конференцияға қатысушылар "Әуенге айналған өмір" Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музей көрмесімен, шығармашылық жолымен танысты.
Сондай- ақ, композитордың болашақ ұрпаққа мұрағат ретінде қалдырған еңбегі, кітаптарымен танысып, Мұғалжар аудандық мұражайға танымдық экскурсия жасады.
Іс- шара соңы " Әуенмен тербелген сазды әлем" атты шығармашылық концертімен аяқталды.