Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Бүгін мектебімізде ата-ана мен ұстаздардың өзара серіктестігін арттыру, жас ұрпақты адалдық пен жауапкершілік рухында тәрбиелеу мақсатында жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібі:

Оқу ісінің орынбасары Ж.О.Ихласова мектеп жетістіктері мен жеткен нәтижелер жөнінде баяндама жасады;

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Есенжолова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнын кеңінен түсіндірді;

Ата-аналар үштігі сайланып, бірлескен жұмыс бағыттары айқындалды;

«Ата-ана, бала, мектеп» атты тренинг өткізіліп, тәрбиедегі өзара ықпалдастықтың маңызы талқыланды;

Іс-шара соңында Ансамбль «Ерке сылқым» күйін орындап, ата-аналар ұрмалы аспаптармен сүйемелдеп, ұстаздар күй тартты.

Бұл жиын - мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, елжанды, адал азамат тәрбиелеу жолындағы ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.